«Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Прогресс» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, азық-түлік өнімдері, су тәрізді қажетті жүктерді, станцияның өзі мен ондағы Майкл Фоэл және Александр Калери сынды ғарышкерлерден құралған экипаждың тіршілік қамтамасыздығына арналған заттарды жеткізеді.
«Союз-У» зымыран-тасығышы белгіленген кесте бойынша 27-қаңтарда жергілікті уақытпен сағат жетіде ұшыру алаңына шығарылды. Алдағы екі тәулікте Росавиакосмос мамандары «Прогресс» ғарыш кемесі мен зымыран тасығыш жүйелеріне жоспарлы тексеру жүргізеді.
Жүк тасушы ғарыш кемесі 29-қаңтарда Астана уақытымен 17 сағат 58 минутта ұшырылады деп межеленген.