Бүгін, 28-қаңтарда мәжілістің жалпы отырысында палата депутаты Тито Сыздықовтың берген түсініктемесіне жүгінсек, Елбасының ветосы заңның екі нормасына қатысты болып отыр. Бірінші норма бойынша аймақтық есеп-бақылау нормасы деп аталатын тәртіп енгізілсе, екінші нормамен спиртті өнімдерді аймақтық маркасыз сатуға тыйым салынады.
Қазақстан Ата заңына сәйкес, мемлекет басшысының ветосын еңсеру үшін парламент депутаттары заң нормаларының депутаттар ұсынған нұсқасын қолдап дауыс беру барысында әр палатада дауыстың үштен екі бөлігін жинауы тиіс. Бүгінгі жалпы отырыста мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай Елбасының аталмыш заңға қойған ветосын еңсеру мүмкіндігіне күмән келтірді. «Ветоны жеңе алмаймыз дегенге сенімдеріңіз кәміл болсын»,- деді ол депутаттарға.