Х.Климент мырзаның айтуынша, «Испаниялық кәсіпорындар осы мақсатпен Қазақстанға өздеріне тиесілі озық технологияларын беруге күш салуы қажет». Сондай-ақ, Испания үкіметі білім және тәжірибесімен бөлісу үшін «қажетті мөлшерде ресурстар жұмсай алады».
Х.Клименттің айтуынша, Қазақстан мен Испания арасында экономикалық және саяси қарым-қатынастардың дамуы екі ел үшін де «айрықша маңызды». Ол осы орайда Испания королі бірінші Хуан Карлостың Қазақстан Елбасына арнаған сәлем-жолдауын жеткізді. «Өз хатында король екі ел арасындағы қазіргі қалыптасып отырған және болашақта дамытыла түсетін достық байланыстарды қолдайтындығын хабарлайды»,- деді министр.
Елбасымен кездесу барысында Х.Климент өз елінің Қазақстанды «Орталық Азия аймағындағы тұрақтандырушы мемлекет ретінде танитынын» атап көрсетті. Оның айтуынша, Испания Қазақстан басшылығының республиканы дамытуға және жағдайды тұрақтандыруға жұмсап отырған күш-жігерін жоғары бағалайды.