Қазақстан парламенті Шардара су қоймасындағы ахуалға байланысты Қырғызстан және Өзбекстан президенттері мен парламенттеріне арнап мәлімдеме қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті Шардара су қоймасындағы ахуалға байланысты Қырғызстан және Өзбекстан президенттері мен парламенттеріне арнап мәлімдеме қабылдады

Қазақстан парламенті Шардара су қоймасындағы ахуалға байланысты Қырғызстан және Өзбекстан президенттері мен парламенттеріне арнап мәлімдеме қабылдады

Бүгін, 28-қаңтарда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Қырғызстан және Өзбекстан президенттері мен парламенттеріне арнап Шардара су қоймасының суға толуына байланысты қалыптасып отырған күрделі ахуалды бірлесе шешуге шақырған мәлімдеме қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2004
  • 433
Фото - Caravan.kz

Мәлімдеме жобасын Қазақстан аграрлық партиясының фракциясы ұсынды. Мәлімдемені оқып таныстырған мәжіліс депутаты Нұрбақ Рүстемовтың айтуынша, «Сырдария суын бірлесе тиімді пайдалану тұрғысында республика үкіметтері бірнеше жылдар бойы бір шешімге келе алмай отыр». Бүгінде «Сырдариядан Шардара су қоймасына құйылатын су көлемінің төтенше артуына байланысты» Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы 30 елді мекенге су астында қалу қаупі төніп отыр.

Депутат биылғы жыл басында Қазақтан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтері арасында үшжақты келіссөздер жүргізілгенін еске салды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ортақ келісім жасалып, соған сәйкес Қазақстан Қырғызстанды отынмен қамтасыз етуге, бұған жауап ретінде Қырғызстан Нарын Су электр станциялары каскадынан жіберілетін су көлемін азайтуға міндеттеме жүктеді. Ал Өзбекстан егістік алқаптарын шаюға арнап артық көлемде су алу және артық суды Арнасай ойпатына жіберуді қамтамасыз ету туралы сөз берді. «Алайда тараптардың барлығы бірдей жүктеп алған міндеттемелерін толық көлемде орындамауы салдарынан» бөгеттің бұзылу және елді мекендердің су астында қалу қаупі күні бүгінге дейін сейілмей отыр деді депутат.
Мәжіліс бұл мәлімдемені толықтырып, дипломатиялық арналар арқылы Қырғызстан және Өзбекстан президенттері мен парламенттеріне жолдауға шешім қабылдады. Мәлімдеме жобасын толықтыру жөніндегі жұмыс тобына Аграрлық партияның депутаттары мен мәжілістің әлеуметтік-экономикалық даму жөннідегі комитетінің мүшелерінен құралған 5 адам енді. Жұмыс тобын мәжілістің халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің жетекшісі Шәріп Омаров басқарады.