«Қазір біз «Мемлекеттік тапсырыс туралы» заң жобасын жасау жұмысын аяқтауға жақын қалдық»,- деді О.Рябченко. «Бұл заң жобасын біз наурыз айында парламентке ұсынамыз, және оның заң шығарушы орган сатыларынан сүрінбей өтетіндігіне сеніміміз зор»,- деді ол.
Вице-министрдің бағалауынша, заң жобасы қабылдану нәтижесінде қазақстандық бейресми ұйымдардың іс-қызметіне арналған қаржы «тек ақпарат министрлігінің ғана емес, сондай-ақ, басқа да профильді министрліктердің желісімен 2005-жылғы бюджетке нақты қарастырылады». Заң жобасында бейресми ұйымдардың жұмысын жергілікті бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігі де заңдастырылады,- дейді О.Рябченко.
Қазір заң жобасы үкімет тарапынан келісімге ие болу үшін тапсырылды.