Елбасы өз жолдауында "Асар" нақты істер партиясына айналады деген пайымын жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 529.65
  • 544.64
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы өз жолдауында "Асар"  нақты істер партиясына айналады деген пайымын жеткізді

Елбасы өз жолдауында "Асар" нақты істер партиясына айналады деген пайымын жеткізді

Елбасының пайымдауынша, "Асар" - нақты істер партиясына айналады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның бірінші құрылтайына қатысушыларға арнаған жолдауында айтылған. Елбасы жолдауын құрылтайда президент әкімшілігі төрағасының орынбасары Марат Тәжин оқып таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қаңтар 2004
  • 379
Фото - Caravan.kz

Құрылтайға қатысушыларға арнаған жолдауында Елбасы «Асар» партиясына «Қазақстандағы тұрақты даму ағымдарын тұрақтандыру» жолындағы қадамдары мен күш-жігеріне жан-жақты ықпалдастық жасағаны үшін ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пайымдауынша, еліміздің саяси кеңістігінде жаңа бұқаралық бірлестіктің құрылуы «еліміз тұрғындарының азаматтық белсенділігінің артуы мен республиканы саяси және экономикалық дамытуға, сондай-ақ, қазақстандықтардың ортақ игілігі мен гүлденуіне бағышталған мемлекетіміздің стратегиялық жоспарларын қолдауды» білдіреді. Н.Назарбаев «партия мүшелерінің басым бөлігін жастар құрайтындығына» қанағаттанғандық сезім білдіреді.

ҚР президенті содай-ақ, өз жолдауында «елімізді дамыту жөніндегі 2030 стратегиясына сәйкес Қазақстан мейлінше кең ауқымды саяси міндеттерді шешуге кірісіп, дамудың жаңа кезеңіне ден қойды» деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысы құрылтай жұмысына табыс тіледі.