Құжат жобасын қылмыспен күрес жөніндегі бірлескен шаралардың 2003-2004-жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасына сәйкес Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі әзірлеген. Оның басты мақсаты — Достастық елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ТМД елдері аумағында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың халықаралық лаңкестік, трансұлттық қылмыс-қайшылық, заңсыз көші-қон тәрізді басқа да заңсыз әрекеттерімен бірлескен күрес тиімділігін арттыру болып табылады.
Тәртіптер жобасы біртұтас есепке алу жүйесін құру негіздері мен міндеттерін, мақсаты мен негізгі принциптерін, сондай-ақ, құқықтық-нормативтік, ұйымдастырушылық, ақпараттық және ғылыми , материалдық-техникалық және маман қамтамасыздығы негіздерін айқындап береді.