Көлеңкелі экономиканың тауқыметтерін шешудің тиімді бір тетігі - электронды үкімет құру болмақ - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлеңкелі экономиканың тауқыметтерін шешудің тиімді бір тетігі - электронды үкімет құру болмақ - ҚР үкімет басшысы

Көлеңкелі экономиканың тауқыметтерін шешудің тиімді бір тетігі - электронды үкімет құру болмақ - ҚР үкімет басшысы

Көлеңкелі экономиканың тауқыметтерін шешудің тиімді бір тетігі - электронды үкімет құру болмақ. Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Ақпан 2004
  • 647
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен ресми статистика Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың деңгейін Жалпы Ішкі Өнімнің 22 проценті мөлшерінде бағалап отыр»,- деді Д.Ахметов. «Менің пайымдауымша, бұл сан анағұрлым жоғары, әрі бастапқы талдау қорытындылары бұл туралы нық сеніммен айтуға мүмкіндік береді»,- деді үкімет басшысы.

Үкімет басшысы көлеңкелі экономикамен күресу үшін үкіметте арнаулы комиссия құрылғанын еске салды. Д.Ахметовтың айтуынша, комиссия мынадай бағыттарда жұмыс істейді : Салық Кодексіне «кәсіпкерлердің ашық экономикаға шығуына жағдай жасайтындай» өзгерістер енгізу, «кәсіпкерлердің түрлі себептермен өз қарамағында еңбек ететін жұмысшылар санын жасыруға итермелеп отырған» еңбек заңнамасындағы қиындықтарды шешу. Үкімет басшысының пайымдауынша, «мұндай жағдай еңбек заңында кемшілік бар екенін» айғақтаса керек.
Сондай-ақ, үкімет басшысы түрлі рұқсат құжаттарын беру, жалпы әкімшілік басқару проблемаларын шешу қажеттігін атап өтті. «Бұл саладағы бюрократиялық тоғышарлық тосқауылдардың үлкендігі сондай, кәсіпкерлерді кейбір операцияларды жасыруға мәжбүрлеп отыр»,- деді Д.Ахметов.
Үкімет басшысының айтуынша, көлеңкелі экономиканың тауқыметтерін шешудің тиімді бір тетігі — электронды үкімет құру болмақ. «Электрондық үкімет идеологиясы дегеніміз — бұл ақпарат алу мен оны жалғастыру және үкімет іс-әрекеттерін пәрмендендіру ғана емес, бірінші кезекте қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасау, үкіметпен арада кері байланыстар орнату, рұқсат беру жүйесіне қатысты барлық тауқыметтерді тез арада шешу болмақ»,- деді Д.Ахметов.