Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Қазақ елінің құтқарушыларына түрік азаматтары арнайы келіп, алғысын жаудырады. Көңіл қойып тыңдасаңыз, барлығы ұғынықты. Сөз, сөйлем жүйесі ұқсас. Бізақ оны өз ана тілінде ұғынғысы, ұққысы келетін ниетті оқырман көре алмады.
Алғыс жауған сәт жайды Бурахан Дақанов былай деді:
— Түріктің аналары келіп, балаларын құтқарған Қазақ жігіттеріне ризашылығын білдіріп, рахметін айтып жатыр. Келгендерің жақсы болды, сендердің арқаларыңда тірі қалдық дейді.. Видеоны көріп толқып отырмын. Жарайсыңдар жігіттер. Бауырлас елдер жасасын. Түбіміз бір туысқан Түркия еліне Тәңір жар болсын!
Түркия халқының алғысына бөленген азаматтарға қазақ халқының алғыспен қатар айтар уәжі бар. Оқырмандар бұл бейне-деректі көргеннен кейін:
"Қазаққа қазақ неге орысша аудармашы болып тұр екен? Бастарынан тебетін екен өздерін… Негізі түркі тілдес бауырлардың тілдерін түсіну қиыншылыққа соқпайды, тілдеріміз ұқсайды емес пе? Түрік халқына сабырлық берсін! Марқұм болған жандардың Иманы жолдас болсын!",
"Намыс жоқ иттер, түріктерге орысша сөйлеп ұятқа қалдырды-ау",
"Неге Қазақ тілінде сөйлемейсіңдер? Ұят қайда,ескі түркілер!",
"Қазақстанның атынан барған орыстар. Намысы бар қазақтың ұлдары өз тілінде сөйлейді",
"Шіркін, біздің мына тұрған қазақтар тілін сүйіуді алдында тұрған түріктерден үйренсе ғой",
"Бәрі жақсы ғой. Азаматтарымыз үшін жүрегіңді қуаныш кернейді! Бірақ, тағы да ТІЛ. Қайда барсақ та, қандай жағдайда болсақ та осы көршінің тілі сорымыз болды! Елді жерге қаратпай, өзгенің тіліне жабыспай мына бала қазақша аударып беруге болас па еді?!",
Ә, мына буряттар көмектескен екен ғой. Дұрыс, олар түрікше қайдан түсінсін… Түріктер мықты өз тілінде кімге болсада сөйлей береді. Қарамайды мынандай Саша-Машаларға. Ағылшынша тыраштанбайды жағымпазданып",
"Мақтанайын десең, мәңгүрттер… Орысша емес, қазақша сөйлеу керек еді…. Түріктер түсінеді біздің тілді" деп жазды оқырмандар.