Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, қазір еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде маман дайындау жұмысы бакалавриат, магистратура және арнаулы жоғары білім игеру деген «бірін-бірі қайталайтын» үш бағытта жүзеге асырылуда.
Министрдің айтуынша, жаңа оқыту жүйесі енгізілуіне байланысты бакалавриат түлектері кәсіптік және ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша өздерінің ғылыми және кәсіби біліктілік деңгейін магистратурада көтере алады.
Ж.Күлекеевтің айтуынша, несиелік технология «студенттерді өз қабілеті мен сұранысына қарай баламалы дәрістерді таңдау және пәндерді өз қалауы бойынша зерттеу арқылы игеріп шығатын білім траекториясын өз бетімен таңдап, күнделікті дербес жұмысқа машықтануға ынталандырады». Сондай-ақ, министрдің пайымдауынша, несиелік оқыту технологиясы еліміздің жоғары білім игергндігі жөннідегі дипломдарын шетелдерде мойындауға , жалпы, студенттердің қандай саладағы жұмысты да дөңгелетіп әкетуге икемділігі мен ұтқырлығын арттыруға түрткі болады.