"Мәйітті киіммен көміп, қарауыл қойғаны тегін емес": Алтынемелдегі зиратта Шоқан жатпаған болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәйітті киіммен көміп, қарауыл қойғаны тегін емес": Алтынемелдегі зиратта Шоқан жатпаған болуы мүмкін

"Мәйітті киіммен көміп, қарауыл қойғаны тегін емес": Алтынемелдегі зиратта Шоқан жатпаған болуы мүмкін

Соңғы уақыттары Шоқан туралы, әсіресе діни көзқарасы жайлы қоғамда тосын пікірлер мен тұжырымдар айтылып жүр. 

  • 14 Наурыз 2023
  • 3245
Фото - Caravan.kz

"Іslam.kz" порталы" 2014 жылы желтоқсан айында Алаш айнасы" басылымында жазылған Шоқан туралы мақалада жазушы Дулат Исабеков айтқан сөздерден үзінді жариялады.

Онда Шоқан Уәлихановтың өлімі жайлы қызықты мәліметтер келітіріліпті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Патша өкіметінің «бұратана» халықтарға деген пиғылының арамдығын Шоқан 13-14 жасында-ақ сезе бастаған. Өйткені әскери стратегиялық сабақтарға оны қатыстырмаған. Мен өзім соңғы кезде «жалпы, Шоқанның өмірін қайта қарау керек» деген пікірде жүрмін. Себебі ол Достоевский, Чернышевский сияқты орыстың ұлы адамдарымен араласып, оларды жанына жақын тұтып келді. Черняевпен бірге оқыды, дос болды. Кейіннен Черняев табан астында генерал, әскербасы болып кетті, Ташкентті басып алды, Әулиеатаны, Жетісу аймағын басып алу миссиясы соған бекітілді. Черняевтің Жетісуға бет алғанын естіген Шоқан одан «Қандай мақсатпен келе жатырсың?» деп сұраған. Черняев болса: «Кітапханалар, мектептер ашамын, бәрін салдырамын, сөйтіп, қазақ халқының көзін ашамын», – деген. Шоқан оған қуанып, Әулиеатадан күтіп алған. Сонда қараса, арбаларға беттері жабылған бірдеңелер тиелген екен. Ашып қараса, ешқандай да кітап емес, зеңбіректер болып шыққан. Жүрегі зырқ ете қалып, «Мұның не?» десе, Черняев: «Көнбегендерді осы зеңбірекпен көндіреміз», – деген. Міне, содан бастап екеуі кетісе бастаған.

Черняевтің Әулиеатадағы мешітті атқылауы Шоқанды одан әрі шошындырған. Сол кезде барып бұлардың қазаққа ешқандай да дос емес екенін анық түсінген. Өкпелеп кетіп бара жатқан кезінде, Черняев артынан аттырған. Мен кезінде Әнуар Әлімжановпен жақсы араласқан едім. Ол: «Содан Шоқанның өкпесінде оқ қалған. Сол оқ ақыры ажал оғы болды. Әйтпесе ол – аға сұлтанның баласы, ештеңеден таршылық көрмеген адам», – дейтін. Расымен де, өкпе ауруы деген – жоқшылықтан, тапшылықтан туындайтын әлеуметтік ауру. Ал Шоқан тоқшылықта өмір сүрген, ішкені – қымыз, жегені – қазы-қарта, Петербургке де ақшасын қалтасына басып барған. Сондықтан оның өкпе ауруына шалдығуы мүмкін емес.

Бірақ өкпесінде оқ болғанын бәрі жасырып келген, немен ауыратынын нағашысы Тезек төреге өзі де айтпай кеткен. Өлген кезінде Жетісуды билеген генерал Колпаковскийлер бас боп барып, бір түннің ішінде апай-топай жерлеп, басына тақта қойып кеткен. «Осындай асығыстықтың артында да үлкен бір құпия жатыр. Шоқанның өмірін қайта жазу керек», – деп Әнуар марқұм айтып жүретін. «Шоқанның трагедиясы неде?» деген – үлкен мәселе. Егер тек қана «аурудан өлді» дейтін болсақ, ол – табиғи нәрсе. Қайғылысы – қайғылы, бірақ ұлттық трагедияға көтеріле алмайды. Ал мынадай өлім – ұлттық трагедия. Осы орайдағы екінші бір жорамал
«Алтынемелдегі зиратта Шоқан жатқан жоқ, басқа адам жатыр» дегенге саяды.
Себебі әбден ескіргенше оны қарауыл қарап тұрған. Яғни «біреулер қаза ма, тексере ме» деп сақтанса керек. Әбден бертінде сол молада жатқан адамның киіммен, әскери мундирде жерленгені белгілі болған. Егер мәйіт Шоқандікі болса және ол мұсылмандық жолмен қойылса, неге ол киіммен жерленуі керек?!

Осы орайда, мен Әнуар Әлімжановтан Шоқанға қатысты қызық дерек естіген едім. Кезінде Әнекең қазақтан тұңғыш рет Америкаға барып, әл-Фараби жайлы екі ай дәріс оқып келген. Сонда бір әңгімелескенімізде: «Сол кездегі архивтерден әл-Фараби жайлы деректер іздеп отырып, 1875 жылғы газеттен Шоқанның өлімі жайлы қазанама кезіктірдім», – деді. Ал Шоқан, біздіңше, 1865 жылы қайтыс болған. Әлгі қазанамада «Жақында Орыс география қоғамының мүшесі, әйгілі саяхатшы, орыс офицері Шоқан Уәлиханов қайтыс болды» деп беріліпті. Әнекең: «Бір жыл кешігіп берілсе, жарайды, ал қалайша бұл он жылдан кейін жарияланады, соған мен қатты таңғалдым», – дейді. Ол өзі тарихты жаны сүйетін, сондай білімді, ізденімпаз азамат еді. Сөйтіп, Америкадан келген бойда Шоқанды зерттей бастаған ғой.

«Сондағы анықтағаным, бұлардың мәйітті киіммен көміп, молаға қарауыл қойғаны тегін емес. Бұлар Шоқанды Жоңғарияға екінші мәрте жіберген. Ондай сауатты, патша өкіметінің ұлтына қарсы жымысқы саясатын білетін, орыстың талай әскери құпиясынан хабардар адамның қазақ ортасында жүре бергені орысқа тиімсіз болған. Ал ана жақтан тірі қайтпайтынын білген. Сол үшін де қайта жұмсаған",- депті жазушы Дулат Исабеков,