Қазақстан Республикасында ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасында ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қаралды

Қазақстан Республикасында ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қаралды

Қазақстан Республикасында ғарыштық саланы дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 502
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Талқылау кезінде үкімет басшысы кеңеске қатысушылар назарын мынадай мәселеге аударды.
«Осыған дейін жұмыс, толықтай алғанда, жалпылама сипатта жүрді, онда жүйелілік, үйлестіру болмады, жалпылама мақсаттар мен міндеттер қаралды. Әрбір мекеме саланың стратегиялық дамуын зерделемей жатып өз бағдарламасын өткізуге тырысты. Бізге алда тұрған ауқымды мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беретін жүйелі бағдарлама керек».
Ғарыштық бағдарламаны әзірлеу жұмыстары ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, бірнеше бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші кезекте бұл ғарыштық байланыс аппараттары мен хабарды пайдалану және құрылымдау, жер үсті инфрақұрылымын дамыту, орбитаға ғарыштық аппараттарды шығару құралдарына қатысты. Бағдарламада сондай-ақ, ақпараттық және ғарыштық технологияны қолданысқа енгізу, іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау үшін пилоттық ұшыруларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарламада зымырандық-ғарыштық кешенді пайдалануда экологиялық қауіпсіздікті ескеру, нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыздық, мамандарды дайындау мәселелері де ескерілді.
Даниал Ахметов жобаны жасаушыларға бағдарламада еліміздің ғарыштық саласының негізгі бөлігі болып табылатын Байқоңыр ғарыш айлағы мен Сарышаған полигонының техникалық және технологиялық әлеуеті ескерілуі қажеттігін ескертті.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, соңғы жеті жылда ғарыш сала едәуір табыс әкелген. Ғарыштық зерттеулер институтының директоры Өмірзақ Сұлтанғазиннің айтуынша, ұшыру және пайдалану жұмыстары 80 миллиард доллардан астам табыс әкелсе, жерүсті кешенінің қызметін пайдалану — 200 миллардқа жуық доллар табуға түрткі болған.
Қазақстанда зымырандар жасау және ұшыруға бағытталған өзіндік ғарыштық технологияларды жобалауға, өз жер серігін жасап ұшыруға, плазмалық двигателдерді сынауға және өндіруге, әзірлеуге, басқару жүйесін құруға, сынақтан өткізуге, ғарыштық аппаратты бағыттауға және тұрақтандыруға, телеметриялық және тераекториялық ақпаратты, инфрадыбыстық сигналдарды өңдеуге нақты мүмкіндіктер баршылық.
«Егер дер кезінде қаражат салынса, егер бүгінгі шараларды дер кезінде жүзеге асырсақ, тиісті деңгейге қол жеткізу үшін бес-алты жыл қажет болады»,- деді академик Ө. Сұлтанғазин. Кеңес соңында Даниал Ахметов тиісті министрліктер мен ведомстволарға қысқа мерзімде жобаны әзірлеп, оны Үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.