Қор президентінің хабарлауынша, «бұл тәржіма саласындағы алғашқы жоба». «Алдағы уақытта біз Таяу шығыс ойшылдары мен Жапон философтарының еңбектерін аударуды жоспарлап отырмыз»,- деп атап көрсеткен ол «басты мақсаттары — ағартушылық» екеніне тоқталды. «Қазір біз бірлескен семинарлар ұйымдастыру, жазғы ашық университеттер ашу жөнінде Эберт қорымен уағдаласып отырмыз»,- деді ол.
Ә.Бәйменовтың айтуынша, жобаларды жүзеге асыруға отандық кәсіпкерлер қолұшын беруде.