Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі реформалаудың әлеуеті зор - Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі реформалаудың әлеуеті зор - Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы

Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі реформалаудың әлеуеті зор - Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы

"Соңғы әзірде үлкен қарқынмен тұрақты даму жолына түскен Қазақстанда билік тармақтары арасында шынайы тепе-теңдік орнатуға өткір қажеттілік туындап отыр. Ол өкілеттілік биліктің мәртебесі мен құзыретін арттыруға, демократиялық институттарды дамытуға негізделуі тиіс". Бұл туралы бүгін, 28-мамырда Астанада ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының бесінші отырысында ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Мамыр 2004
  • 2020
Фото - Caravan.kz

Ж.Тұяқбайдың пікірінше, «Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі реформалаудың әлеуеті зор», және «реформалау бағытындағы алғашқы нақты қадамдардың бірі — 2004-жылғы күзге белгіленген парламент сайлауы болмақ». «Бұған дейінгі жылдарда Қазақстан басшылығының экономикалық проблемаларды шешуге басымдық бергені заңдылыққа сай болатын. Ендігі жерде азаматтық қоғамның ілгерілеушілігі де елдің болашағына зор ықпалын тигізеді дегенге күмәніміз қалмай отыр»,-деді Ж.Тұяқбай.

Оның айтуынша, «соңғы жылдары қабылданған 50-ден астам заң осы мақсатқа бағытталды. Бұл заңдар мемлекеттік және жергілікті өкілетті органдардың құзырет аясын кеңейтіп, биліктің орталыққа тәуелділігін жоюға негіз қалап, саяси партиялар, қоғамдық және үкіметтік емес бірлестіктердің іс-қызметін реттейді». Мәжіліс төрағасының айтуынша, бұлардың барлығы да «алдағы қадамдарға алғышарт болмақ. Ал болашақта жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі Конституцияда ескерілген заң мен бюджеттік қарым-қатынастарды орталықсыздандыру туралы заңдар қабылдануы тиіс».
Мәжіліс төрағасы сондай-ақ былай деп атап көрсетті : «елімізде алдағы уақытта жоғары өкілетті органда нақты бақылау құзыретінің жоқтығы мемлекеттік толыққанды заңнамалық процесстерге көпе-көрнеу кедергі келтіретін жағдайлар жиі кездесетін болады». «Мұндай уәж айтуға Қазақстан парламентінің кәсіпқойлық деңгейінің барған сайын арта түсуі негіз болып отыр. Парламент өзінің заң шығару жұмыстарының арқасында еліміздің тиімді нарықтық экономикаға, демократия мен азаматтық қоғамға сенімді қадам басуына тарихи обьективті қолайлы жағдай туғызып отыр»,- деді мәжіліс төрағасы.