Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы аяқталды

Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы аяқталды

Бүгін, 11-маусымда Ташкентте екі республиканың үкіметтік өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті төртінші отырысы аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today ақпараттық агентігінің Ташкенттік тілшісі.

  • 11 Маусым 2004
  • 599
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық өкілдердің жетекшісі, ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Атанов отырыстың жұмыс қорытындысын жоғары бағалады. «Бірлескен демаркациялық комиссияның жұмысы конструктивті әрі өзара түсіністік жағдайында өтті»,- деді ол KZ-today тілшісіне берген сұхбатында.

Бірлескен демаркациялық комиссияның мүшелері мемлекеттік шекараның демаркациялауда қиындық тудыратын бірқатар күрделі учаскелерінде біріккен далалық жұмыстар жүргізді. Мақсат — екі мемлекеттің де шекаралық аймақтарында тұратын халықтың мүддесін ескеру негізінде шекаралық белгілерді орнататын орынды анықтау.
Отырыс барысында тараптар шекаралық белгілерді орнату жөніндегі жергілікті жерлердегі далалық жұмыстардың бастапқы кезеңі тұтастай алғанда қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау жұмыстарының жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырылғанын атап өтті.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын ресми демаркациялау шаралары 19-мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы » шекаралық бекетінде басталған. Шекара сызығының жалпы ұзындығы 2350 шақырымнан астам.
Шекара сызығын белгілеу жұмыстарының барысында 600 негізгі және 200 аралық шекара белгілері орнатылады. Мемлекеттік шекара сызығына белгі ретінде қадау үшін екі жақтан бірдей 1500 діңгектен қажет. Қазақстан Республикасының шекаралық бағандарының пішіні мен мөлшері республика үкіметінің қаулысымен 1996-жылы анықталған. Негізгі шекаралық белгі — биіктігі 2 метр, жан-жағы 22 және 18 сантиметрлік темір-бетон бағана. Ол 0,6 метрлік тереңдікке көміліп, бетондалады. Бағана мемлекеттік байрақ түстес өңге боялған (жоғарғы жағы сары, төменгі жағы — көгілдір), көршілес мемлекет аумағына қараған жағына, оң бетіне мемлекеттік елтаңба бейнеленген. Ал аралық шекара белгісінің биіктігі 1,2 метр, ақ түске боялған, елтаңба бейнесі салынбаған.