ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазан айында еліміздің экологиялық заңнамасын жаңалау тұжырымдамасын үкіметке таныстырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазан айында еліміздің экологиялық заңнамасын жаңалау тұжырымдамасын үкіметке таныстырады

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазан айында еліміздің экологиялық заңнамасын жаңалау тұжырымдамасын үкіметке таныстырады

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазан айында еліміздің экологиялық заңнамасын жаңалау тұжырымдамасын үкіметке таныстырады. Бұл туралы бүгін, 5-тамызда Алматыда министрліктің ҚР Экологиялық Кодексінің жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысында сөз сөйлеген ҚР қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Нұрлан Ысқақов хабарлады.

  • 5 Тамыз 2004
  • 691
Фото - Caravan.kz

Жаңа экологиялық кодекстің басты мақсаты дәстүрлі тыйым салу тәжірибесінен бас тартып, Еуропалық одақтың заңнамасына тән ынтымақтастық және ынталандыру саясатына ден қоюға бағытталады. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда төрт деңгейлі экологиялық заңнама жүйесі жұмыс істеуде. Бұл мемлекеттік мекемелердің де, табиғат пайдаланушылардың да жұмысын күрделілендіріп отыр. Осы орайда мемлекеттің фискалдық саясаты табиғат қорғау іс-қызметіне кері әсер етуде.

Жаңа экологиялық кодекс қазіргі қолданыстағы ҚР азаматтық кодексімен бірдей тікелей әсері бар заңға айналуы тиіс. Оған кәсіпорындарды экологиялық бағдарламаларды қолданысқа енгізуге ынталандыратын тетіктер қамтылады. Мәселен, экологиялық заңнамаға бағыну тұрғысынан қандайбір айып тағылмайтын кәсіпорындар ең төменгі алым-салық төлейді. Ал қоршаған ортаға зиянды қалдықтар тастайтын кәсіпорындарға үлкен айыппұлдар салынады, немесе, зиянды өндіріс біржола жабылады.
Кодекстің тағы бір ерекшелігі, жауапты табиғат қорын пайдаланушыларға жоғары деңгейде сенім көрсетіледі. Ондай кәсіорындарға табиғат қорын пайдалануға 3-5 жылға дейін рұқсат беріледі. Өз өндірістеріне ISO-14000 экологиялық стандарттарын енгізген кәсіпорындар қазірдің өзінде корпоративті салықтан босатылған.
Заңға бағыныштылықты сақтау үшін қалдықтарға бақылау жасаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелердің іріктемелі бақылауы, кәсіпорынның өз аясындағы жеке бақылау және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан атқарылатын қоғамдық бақылау. Министрлік үшін аталған үш деңгейлі бақылаудың қай-қайсысы да бірдей маңызды. Н.Ысқақовтың айтуынша, бұл салада министрлік экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі мен солармен ынтымақтастыққа үлкен сенім артуда.
Сондай-ақ, кодекс жобасында кәсіпорындардан табиғи қорды пайдаланғаны үшін жиналған қаржыны міндетті түрде мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға пайдалану қарастырылған. Министр орынбасарының ақпаратына сәйкес, 2003-жылы бұл мақсатқа бағдарламалардың операторы- әкімшіліктер жиналған 12 млрд. теңгенің небәрі 9 процентін ғана пайдаланған.
Сонымен бірге «жаңа кодексте экология экономикадан жоғары қойылмайды», деді вице-министр. Қазіргі таңда Қазақстандағы 200 ірі кәсіпорын барлық қалдықтың 80 процентін шығаруда. Сөйте тұра, дәл осы кәсіпорындар еліміздегі негізгі салық төлеушілер санатында. Алайда, кәсіпорындардың дені 1930-жылдары салынып, ескірген технологиялар мен күлділігі жоғары отын пайдаланатындықтан, экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру қиын.

Перейти к новостям спорта