БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қазақстанға ғимараттарды сейсмологиялық тұрғыдан күшейту жұмыстарын пәрмендендіруді ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қазақстанға ғимараттарды сейсмологиялық тұрғыдан күшейту жұмыстарын пәрмендендіруді ұсынуда

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қазақстанға ғимараттарды сейсмологиялық тұрғыдан күшейту жұмыстарын пәрмендендіруді ұсынуда

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қазақстанға "ғимараттарды сейсмологиялық тұрғыдан күшейту және олардың сейсмологиялық ахуалын зерттеу жұмыстарын түбегейлі пәрмендендіру" жөнінде нұсқау берді.

  • 9 Қыркүйек 2004
  • 476
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 9-қыркүйекте Астанада 2003-жылдың 23-мамырында Жамбыл облысында болған жер сілкінісіне байланысты есептің тұсаукесері барысында есепті дайындау жөніндегі авторлар тобының жетекшісі, ҚР білім және ғылым министрлігінің география институтының аға ғылыми қызметкері Петр Плеханов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

«1991-жылғы жағдаймен елімізде 250 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өндірістік мақсаттағы жүздеген үйлер сейсмологиялық тұрғыдан күшейтілуі тиіс болатын. Содан бері жағдай мүлдем өзгерген жоқ»,- деді П.Плеханов.
Оның айтуынша, Жамбыл облысында болған жер сілкінісі салдарынан Қазақстан 105 млн. доллардың шығынына ұшырады. П.Плехановтың мәліметіне сүйенсек, «Қазақстан соңғы 10-12 жылда орта есеппен 40-60 млн. доллардың шығынына ұшыраса, жер сілкінісіне дейінгі соңғы 3 жылда орташа шығын көлемі түрлі оқыс оқиғалардан 20-30 млн. долларды құрады».
Есепті дайындауға атсалысқан мамандар ғимараттардың ахуалын зерттеу және сейсмологиялық тұрғыдан күшейту жұмыстарына республика халқын кеңінен жұмылдыруды ұсынады. Мұндай жағдайды халықтың басым бөлігі жер сілкінісіне дайын болмай шығатындығымен түсіндіруге болады, деді П.Плеханов. Ал Қазақстанда Алматы секілді сейсмологиялық қаупі жоғары табиғи аумақтар бар, деді ол. «Ал қазір көмірсутегі шикізаты игеріле бастаған аумақтарда техногендік сипаттағы сейсмикалық белсенділіктің арту қаупі проблемаға айналды»,- деді П.Плеханов.
Сондай-ақ, заңнамалық базаны да нығайту ұсынылып отыр. Атап айтсақ, «тек табиғи апаттарға дайындық жоспарын жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге, Қазақстан халқын азаматтық қорғау жоспарын жасау қажет»,- дейді П.Плеханов. Сондай-ақ, «сейсмологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тұрғындар, басқарушылар мен мамандардың кәсіби деңгейін түбегейлі арттыру қажет», дейді маман.

Перейти к новостям спорта