К.Нәрібаев кейінгі жылдары ТМД аясында білім беру саласына қатысты бірқатар құжаттар әзірленгенін еске салды. Соның ішінде ТМД елдерінің білім беру тұжырымдамасы мен модельдік заң қабылданды. ТМД парламентаралық ассамблеясы модельдік білім беру кодексінің жобасын жасап мақұлдады. Қазақстанның білім беру тұжырымдамасы Достастық елдерінікіне өте ұқсас. Сондай-ақ, қоғамдастық аясында экономикалық одақ, біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істейді. Білім беру саласы экономика, сауда-саттық, кеден саласындағы ынтымақтастық тәрізді басқа да өзара ықпалдастық салаларынан ірге ажыратуға тиіс емес, дейді сарапшы.
Бүгінде қазақстандық 19 мың жас шетелдерде, олардың 16,5 мыңы Ресейде оқып жатыр, деді К.Нәрібаев. «ТМД елдерінің тұтастай, соның ішінде Ресей мен Қазақстанның білім беру жүйесінің сабақтастығы туралы ойластыру қажет»,- деп пайымдайды бұрынғы білім министрі. Оның пікірінше, «ТМД елдерінің біртұтас білім беру кеңістігін құру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды». Бұдан әрі Достастық елдері әлемдік білім беру кеңістігіне бірлесе кіріге алады.
Сондай-ақ, К.Нәрібаев Қазақстанның білім беру жүйесінің батыс үлгісіне асығыс бетбұрыс жасамауы қажет деп ескертеді. Республиканың Болон декларациясына біріккенін қолдаған сарапшы бірақ оған бастапқыда Еуропаның жоғары деңгейде дамыған елдері қол қойғанын атап көрсетті. Ал батыстың классикалық үлгідегі университеттері «жаңа білім беру жүйесіне өте ұзақ көшкен». Олардың «тәжірибесі мен мүмкіндіктері болды». «Қазақстан бұл істе де асығыстық тануытуға тиіс емес»,- дейді К.Нәрібаев.