"Шетелге берілген балалардың барлығы ауру": Экс-министр шетелдіктер асырап алған қазақ балалары туралы тың дерекпен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шетелге берілген балалардың барлығы ауру": Экс-министр шетелдіктер асырап алған  қазақ балалары туралы тың дерекпен бөлісті

"Шетелге берілген балалардың барлығы ауру": Экс-министр шетелдіктер асырап алған қазақ балалары туралы тың дерекпен бөлісті

Екі мәрте денсаулық сақтау министрі болған, медицина ғылымының докторы Жақсылық Досқалиев шетелдіктер асырап алған балалардың денсаулығына қатысты тың ақпараттармен бөлісті.

  • 29 Қаңтар
  • 176
Фото - Caravan.kz

Дәрігер бұл туралы "Adal adam" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Америка ауру балаларды асырап алып, оларды емдеп, қоғамға кіргізіп, білімін беріп, ары қарай өмір сүре алатын жағдайға жеткізіп отыр. Біздің балалар үйлері оны жасай алмайды. Бізде сал ауруын емдейтін орталықтар болғанымен, толық емделіп кететін жағдайлар жоқ. Осыны түсіну керек. Олардың буындары, сіңірлері қатып қалады, бірнеше ота жасау керек болады. Соның қаражатын шетелдіктер төлеп жасап отыр ғой. Сондықтан менің ойымша, осындай жағдай болатын болса, баланың бақытын байлауға болмайды. Мен министр болған жылдары шетелге бірыңғай мүгедек балалар барды. Бұл — жалғыз менің қолымдағы дүние емес. Бірнеше мемлекеттік органдардың срааптамасынан өтіп, баланың бару бармауы шешіледі", — дейді Жақсылық Досқалиев.

Дәрігер журналистің "Шетелге кеткен балалардың бетіне тура қарай аласыз ба?", деген сұрағына да жауап берді.

"Тура қараймын. Айналайын, сен ол кезде мүгедек болдың. Сенің денсаулығыңды осы жерде түзететін жағдай болмады. Асырап алған адамдар сенің денсаулығыңды дұрыстады, рақмет айт деп айтамын. Кешегі анасын іздеп келген Жәнібек келсе де көзіне тура қараймын.  Анаңды іздеп жүргенің дұрыс, бірақ анаңның жасағанын жасама деп айтамын", — дейді Жақсылық Досқалиев. 

Экс-министр журналист Қымбат Досжанның шетелге берілген балалар "тірі донор" болуы мүмкін деген болжамын да жоққа шығрды.

"Мен Қымбат Досжанның не айтқанын білмеймін. Оның барлығы болжам мен қауесет. Мен қазақ балаларын асырап алған адамдардың үйінде, Америкада болған адаммын. Олар мүгедек балаларды алып, операция жасатқызып, АҚШ-тағы мықты орталықтарда емдетіп, бала қылып асырап отырғанын өз көзіммен көрдім. Екіншіден, баланы асырап алғаннан кейін ол балалар елшілікте есепте тұрады. Белгілі бір уақыт аралығында олар балалар туралы ақпарат береді. Сондықтан олардың донор болуы мүмкін емес", — дейді ол.