"Күйеулеріне тоқал сыйлайтын топастық хит болып жатыр": Заңгер прокуратурадан тоқал сыйлау мәселесіне назар аударуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеулеріне тоқал сыйлайтын топастық хит болып жатыр": Заңгер прокуратурадан тоқал сыйлау мәселесіне назар аударуды талап етті

"Күйеулеріне тоқал сыйлайтын топастық хит болып жатыр": Заңгер прокуратурадан тоқал сыйлау мәселесіне назар аударуды талап етті

Белгілі заңгер прокуратурадан еліміздегі күйеулеріне тоқал сыйлау мәселесіне назар аударуды талап етті.  

  • 13 Ақпан
  • 98
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ләззат Ахатованың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ләззат Ахатова тоқал сыйлаушы бәйбішені де, күйеуін де, тоқал болуға келіскен жандарды жіктеп берді. Мұның бәрін надандыққа теңеді. Сонымен қатар, заң тұрғысынан тоқтам салуды сұрады. 

"Күйеулеріне тоқал сыйлайтын топастық хит боп жатыр екен..Бұл енді надандықтың шегі. Кері кетудің, деградацияның шегі. Үшеуі де надан..Бәйбішесымақтың да есі кеміс, байы да есерсоқ, кемақыл,(күйеуі, азамат деуге аузым бармады, кешірерсіздер) ал ана балалы-шағалы, отбасы бар әкесіндей, не ағасындай адамға қатын үстіне тиіп отырған қыз — таза тряпка. Өзін толыққанды адам деп есептей де алмайтын, самоценкасы нөл, санасы уланған бейбақ..Ол адам емес, зат. Тек жаны бар. Сол зат болғаны үшін қорапқа салып, зат секілді сыйлап тұр. Ал мына бүкіл өмірлік мақсаты -еркек болса болды, күйеуге тию ғана болған бейшара қыз адам емес, зат екенін дәл солай өзі де мойындап тұр. Ал ол зат ескіргесін, тастап, жаңасын алады. Арадағы бала тірі жетім боп қалады.
Бір оранған әйелді білем, жеті баласын бес күйеуден тапқан. Қолдан қолға талақ боп, өтіп жүре берген ғой. Жас кезінде өтімді болғанмен, жасы келе тауар ретінде істен шыққан шығар. Жеті баламен көшеде жүр, қаңғып..Әкімдікке барып, шу шығарып, (көп балалы анамын, маған көмек беріңдер деп) одан қалды, желіге жазып, елден “балаларым аш отыр” деп, көмек сұрап.
Соны көріп өскен ана балалар кім болады? Олардың да санасы уланып жатыр ғой, титтейлерінен. Енді өз әйелі күйеуіне тоқал сыйлайтын топас әрекет шығыпты. Заңмен жауапқа тартылу керек!
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК мына әрекеттерге тосқауыл қойыңыздар! Бұл адам саудасы! Қазақстанда екі некеге рұқсат жоқ! Осыған дейін екі әйелі барларды өздерінің жеке шаруасы деп келдік. Өйткені бірімен заңды некеде болса, екіншісімен азаматтық некеде деп қарадық. Ал ел алдында адам құқын дәл осылай аяққа басу — заңды өрескел бұзу! Бұл әрекеттердің астарында салафизмді, теріс ағымның теріс пиғылын жасырын насихаттау жатыр!!!", деп жазды.  

"Жоқ, сыйласа, соған сыйланып жүре беретін не деген тоқалдар олар? Өздерін зат көре ма?", "Надандыққа қарсы прокуратура не істей алады?

"Неге тоқал сыйлайсың" деп тауып алып жазалай ма сонда?", "Духы жетсе таңдап алмай ма? Әкелгенін ала салмай", деп түрлі пікір жазды оқырмандар. 

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде бәйбішесі күйеуіне тоқал сыйға тартты. Ортаға күйеуіне сыйлық деп, қорап алып шығып, ішінен қыз баласы шығады. 

Тәкеңнің арманы орындалды. Үйленгенімізге 10 жыл толған мерейтойға орай тоқал сыйладым. Менің барлық еркелігімді көтеріп жүргеніне рақмет! Мен осындай сыйлыққа күйеуімді лайық көрдім”, – деді бәйбіше. 

Бұл тақырып желіде қызу талқыға түскен болатын.