"Бір пәтерде 5 жыл тұруды жоспарласаң, оның құрылысына өте көп қаржы жұмсау керек емес" - Динара Сәтжан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір пәтерде 5 жыл тұруды жоспарласаң, оның құрылысына өте көп қаржы жұмсау керек емес" - Динара Сәтжан

"Бір пәтерде 5 жыл тұруды жоспарласаң, оның құрылысына өте көп қаржы жұмсау керек емес" - Динара Сәтжан

Танымал журналист, продюсер, кәсіпкер Динара Сәтжан пәтерін көрсетті.

  • 13 Ақпан
  • 86
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі K-home by Karina Valiyeva арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тележурналист көпқабатты үйде орналасқан екі қабатты пәтеріне рум-тур жасады.

“2019 жылы бұл үйге көшіп келдік. Сол кезде жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сапалы жасалған болуы керек, 4 жыл өтсе де барлығы орында тұр. Жақында ғана диванды алмастырдым. Бұрынғы диванды ұлым офис ашып, сол жаққа алып кетті. Өзіме ұнайтын ақ түсті диван сатып алдым. Ал орындықтарды жақында өзім жүргізетін бағдарламаның студьясына алып кетуді ойлап жүрмін. Байқағаныңыздай, бәрі талғаммен жасалған. Пердені де өзім жүріп таңдадым. Менің бір жақсы қасиетім, тез шешім шығарып, тез тірлікті бітіруге тырысамын. Мен секілді күн тәртібі өте тығыз адамның барлығы осылай жүретін шығар”, – дейді продюсер. 

Сондай-ақ тележурналист отандық суретшілердің туындысын жинағанды жақсы көретінін жасырмады. Үйінің қабырғалары картиналардан толып тұр. 

“Бірінші қабатта өте көп уақыт өткіземін. Кейде пандемия кезін сағынатыным жасырын емес. Қызыммен бірге кино көреміз, әңгімелесеміз. Екінші қабатқа көтеріле бермеймін. Одан кейін өзім қарағанда демалатын картиналарымның дені – бірінші қабатқа ілінген. Сурет өнерін өте қатты жақсы көремін. Отандық арт-дизайнерлердің туындыларын сатып аламын. Ең құнды дүние – “Aidos” мүсіні. Отандық мүсінші Мансұр Смағамбетовтың туындысы. Күнделікті тұтынатын пакеттерді қоқысқа тастамауға үндейтін скульптур. “Aidos” сөзі грек тілінен аударғанда, “планета, жер шары” деген мағына береді. Осындай дүние өте көп. Жатын бөлмемде екі картина ілулі тұр. Бұл туындылардың бәрінің айтар ойы бар. Кейде қайырымдылық аукционынан да сатып аламын”, – дейді өнерге құштар журналист. 

Айтуынша, кейде сатып алынған дүниелерді қолданбайтын кезі де болады екен. Одан кейін көп тұрмайтын пәтеріңе аса қымбат жөндеу жұмыстарының керек емесін айтады. 

“Бір пәтерде 5 жыл тұруды жоспарласаң, оның құрылысына өте көп қаржы жұмсау керек емес. Бұл менің жеке ойым. Кейде қызығып қымбат дүние алып қоятыным бар. Солардың бірі – ақылды айна. Үйде оны ешкім қолданбайды. Алайда айфон телефоны сияқты жұмыс істейді. Онымен поштаға да кіріп, түрлі ақпарат іздеп, музыка тыңдауға болады”, – дейді продюсер. 

Еске салайық, орыс тілінің Қазақстанда қысымға ұшырағанын айтқан ресейлік журналиске Динара Сәтжан жауап бергенін жазған едік.