Бұл туралы ол "Бәрі өз қолыңда" подкастына айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазір бір қызды алып қашпай ақ қалың малын беріп, алып келіп одан кейін маһр деген нәрсе бар. Маһрге бола үйленбей қойып жатқан жігіттер бар. Қалың мал беремін, онымен бірге маһрге пәтер беремін деген сияқты. Ана бала сонда қалай өмір сүреді? Бір сүре білмейтін, дәрет алып білмейтін қыз отырып алып маһрге Jet сұрайды, пәтер сұрайды. 2020 жылға дейін маһр деп бір жерде болсын бұл тақырып қозғалды ма?", — дед блогер Медет Жанабай.