Т.Құдайбергеновтың айтуынша, 88000807777 санды телефон желісі үш күн бойы таңертеңгі 9 бен 19 сағат аралығында жұмыс істейді. Сарапшылар мен заңгерлер жер қатынасына қатысты қойылған барлық сауалдарға жауап береді.
Бұл шара бірінші кезекте 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін субарендаға беру мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілгелі отыр, деді Т.Құдайбергенов. Ауыл тұрғындары Жер кодексінің ережелерін әлі күнге дейін жақсы біле бермейді, осыған байланысты «жер үлесін меншіктенуге қатысты құжаттарды қайтадан рәсімдеу қажеттігіне қатысты сауалдар күні бүгінге дейін тыйылмай отыр», деді ол. Сол себепті де Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі мен қауымдастық Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қолдауымен аталмыш телефон желісін ашпақшы.
Баспасөз мәслихатына қатысқан мәжіліс депутаты Михаил Трошихин Жер кодексі жұмыс істей бастағалы «жергілікті жерлерде түсініктеме жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын» айтып, бұл шараның маңызына тоқталды. Сондай-ақ депутат қазіргі таңда мәжілісте Жер кодексіне енгізілетін түзетулер қаралып жатқанын хабарлап, мүдделі азаматтарды осы мәселе бойынша ұсыныстарын келтіруге шақырды.