"Бет-аузы не болып кеткен, 70-тегі кемпір сияқты, жап-жақсы ақын еді, қазір арабқұл": Халық Айнұр Тұрсынбаева жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бет-аузы не болып кеткен, 70-тегі кемпір сияқты, жап-жақсы ақын еді, қазір арабқұл": Халық Айнұр Тұрсынбаева жайлы

"Бет-аузы не болып кеткен, 70-тегі кемпір сияқты, жап-жақсы ақын еді, қазір арабқұл": Халық Айнұр Тұрсынбаева жайлы

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көптің сынына ілікті.

  • 5 Наурыз
  • 2966
Фото - Caravan.kz

Желі қолданушылары оны "арабқұл болғалы" тыңдамай кеткендерін айтуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Көпшілік, әсіресе, белгілі ақынның хиджаб киіп, өзге дінге бет бұрғанына наразы.

Олар айтыскердің сырт-келбетіне қатысты да сын айтқан. 

"Жап-жақсы ақын еді, айтыскер болған кезде тыңдайтынмын, арабқұл болған кезде тыңдамаймын", "Бет-аузы не болып кеткен, 70-тегі кемпір сияқты", "Мақтанып, өзінше болып кеткен, қарын тоқтық не істетпейді адамға!?", "Айнұрды Айнұр қалған айтыс еді, қазір Айнұр қайда, айтыс қайда?", "Бәрі оранып, ойларына келгенін істеп жүр, әй дейтін әке, қой дейтін қожа жоқ", "Бұлардың қай дінде екені маңызды емес, елді адастырмаса екен өзі" деп жазды олар.