"Бәрін өзім істеймін, ақша да табамын, машинаны да жөндеймін": Ерке Есмахан күйеуі Раимға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәрін өзім істеймін, ақша да табамын, машинаны да жөндеймін": Ерке Есмахан күйеуі Раимға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

"Бәрін өзім істеймін, ақша да табамын, машинаны да жөндеймін": Ерке Есмахан күйеуі Раимға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ерке Есмахан босанғаннан кейін, алғаш рет ел аралап, концерт беріп жүр.

  • 15 Наурыз
  • 260
Фото - Caravan.kz

Кезекті концерттерінің бірінде әнші Раимға қатысты отбасылық құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Айтуынша, оның өмірі тұрмыс құрғаннан кейін, түбегейлі өзгерген екен. 

«Бәрін өзім істеймін, ақша да табамын, машинаны да жөндеймін деп СТО-ға апарып, бәріне өзім жүгіріп жүретінмін. Күйеуге шықпаймын, маған не керек ол деп? Мүсілім бар, болды деп. Өзімнің рахатым үшін өмір сүремін деп ойлайтынмын ғой… Уақыт өте келе, тұрмысқа шыққаннан кейін, жүрегім тыныштық тауып, үйде әйел болып, Ерке Есмахан екенімді ұмытып, вес қосып, семіріп, аяғым ауыр болып отырған кезде, шүкіршілік айтамын ғой… Әйел адамның табиғаты осы екен ғой, қасында арқасүйер азаматы болу керек…», — деп ағынан жарылды әнші.