Мәжіліс депутаттары "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 29-желтоқсанда өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан.

  • 29 Желтоқсан 2004
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Өзгерістер бірінші кезекте жинақталуы тиіс қаржы мөлшерін келісім-шартында көрсетілген соманың 50 процентінен 25 процентіне дейін азайтуға, ал аударылатын салым мөлшерін 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруға бағытталады»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған қаржы министрінің орынбасары Айдар Әріпханов.

«Бұл өзгерістер азаматтар үшін артықша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады. Нәтижесінде тұрғындардың басым бөлігі баспана жағдайын жақсарту үшін тұрғын үй несиелерін кең көлемде пайдалана алады»,- деді ол.
Сондай-ақ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ ақша банкі» АҚ-ның тәжірибелік іс-қызметі негізінде заң жобасы «банк тарапынан салымшыларға қосымша қызмет түрлерін көрсетуді қарастыратын» жаңа нормалар күшіне енеді.
А.Әріпхановтың айтуынша, заң жобасының қабылдануы әлеуметтік және экономикалық залал-зардапқа душар етпейді. Сонымен бірге «заң жобасын қабылдау нәтижесінде республикалық бюджеттен салымдарға сәйкес төленетін сыйлық мөлшері артады. Бұл салым мөлшерін 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруға байланысты»,- деді министрдің орынбасары. Оның айтуынша, 2005-жылы республикалық бюджетте бұл мақсатқа 270 млн. теңге қарастырылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта