800 қылмыс тіркелді. Бұл 2003-жылғыдан (138) 6 есе артық. Бұл туралы бүгін, 7-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес Агенттігінің экономикалық және қаржылық қылмыстардың бетін ашу жөніндегі департаменті төрағасының орынбасары Нағмар Мұрзалбаев мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан.
Н.Мұрзалбаев ұлттық валютаны қолдан жасау деректерінің көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Мәселен, 2004-жылы 7 млн. жасанды теңге заңсыз айналымнан шығарылса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 780 мың теңгені құраған. Сонымен бірге 2, 5 және 10 мың теңгелік қағаз ақшаларды қолдан жасау оқиғалары жиілеп кетті. Қаржы полициясы 2 мың теңгелік жасанды купюралардың 258 данасын, 5 мың теңгелік жасанды купюралардың 663 данасын, 10 мың теңгелік жасанды купюралардың 252 данасын тәркіледі.
Сондай-ақ, Н.Мұрзалбаевтың хабарлауынша, 2004-жылы 1800 жасанды евро мен 26920 жасанды АҚШ доллары тәркіленді. 2003-жылы 9870 жасанды АҚШ доллары тәркіленген.
Ақшаны қолдан жасауға қатысты қылмыстардың басым бөлігі Алматының үлесінде. 2004-жылы мұнда 166 қылмыс тіркелді. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан (97) , Астана (87), Қарағанды облысы (64), Шығыс Қазақстан (62) облыстарында жоғары көрсеткіштер тіркелген.
2005-жылғы ақпан айының басында қаржы полициясы органдары ҰҚК-мен бірлесе отырып Таразда 5 және 10 мың теңгелік купюраларды қолдан жасау қылмысымен ұзақ уақыт бойы айналысып келген қылмыстық топты құрықтады. Қаржы полициясының мәліметі бойынша, жасанды ақша қазіргі заманғы озық техниканы көмегімен, арнаулы бояулар мен арнаулы қағаздарды пайдалану арқылы жасалып келген. Ақшалардың су белгілері, магнитті лента, портретті бедерлеу секілді барлық қорғаныс шаралары жасалып отырған.
Қаржы полициясының мәліметі бойынша, қазір қылмыстық топ жасап шығарған 2-5 млн. жасанды теңге айналымда жүр. Бұл купюралардың сериясы да мәлім. Мәселен, 5 мың теңгелік жасанды купюрада АА№8964, 10 мың теңгелік жасанды купюрада ВА№0322 деген серия саны жазылған.