«Мұндай жағдайдың қалыптасуына үкіметтің «Қазына», «Самұрық», «ҚазАгро», және «Сары-Арқа» ӘКК компанияларындағы жалғыз акционерлік құқығын тиімді пайдаланбауы себеп. «Ал үкіметтің үлесі аз құрылымдармен біз мүлде айналыспаймыз»,-деді ол.
А. Мусиннің пайымдауынша , «біз мемлекеттік акционер ретінде құқығымызды жүзеге асырудағы бірлескен басқарудың мәнісін түсінбейміз, сондықтан да мемлекеттің мүддесін толықтай қорғай алмай жатырмыз».
А.Мусиннің пікірінше, үкімет тәуелсіз директорлар инстиутының ақционерлік қоғамдарды мемлекеттің қатысуымен корпоративті басқарудың үлгі кодексін жасап оны енгізу жұмыстарын жылдамдатуы қажет . «Мемлекеттік активтерді басқару заңын да жедел қабылдауымыз керек»,-деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті