"Даму" парламеттік тобы мен " Қазына" қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Даму" парламеттік тобы мен " Қазына" қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Даму" парламеттік тобы мен " Қазына" қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 14 ақпан. Kazakhstan Today. Кеше "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов пен депутаттық "Даму" тобының жетекшісі Владимир Бобров ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне "Қазынаның" баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Ақпан 2007
  • 448
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, парламенттік топ пен «Қазына» қордың қызметін одан әрі дамытуға бағытталған ортақ әрекеттер жоспарын мақұлдады. Оның құрамына даму институттарының ақпараттандыруы мен ашықтығын жақсарту және де инвестициялық жобаларды таңдау деңгейін көтеру де енеді.

Бекітілген жоспарға сәйкес «Қазына» қорының өкілдері жұмыс тобының қызметіне бизнес аймағына қатысты бірқатар заң жобалары бойынша белсенді атсалыспақ. Сонымен қатар олар бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуге қатысты заңдық аспектілермен байланысты парламенттік тыңдауларға қатыспақшы.

Өз кезегінде жұмыс тобының депутаттары Инновациялық қордың қызметі туралы есепті «Алатау» ақпараттық технологиялар паркінде өтетін «Даму» тобының мәжілісінде тыңдамақшы.

Сонымен қатар депутаттар инвестициялық және бизнес форумдарға және де «Қазына» АҚ мен даму институттарымен бірлесіп өткізетін өзге де шараларға қатысып отырмақ ниетте.

Ілгеріде хабарланғандай, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ ұлттық даму институттарының ( «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ, » Ұлттық инновациялық Қор»АҚ, » Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ, Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ, «Қазақстанның инвестицияға қолдау көрсету орталығы» ЖШС, «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы»АҚ ) жалғыз ғана акционері болып саналады. Қор 2006 жылдың сәуірінде Қазақстанның шикізаттық емес саласында инвестициялар мен инновациялық қызметтерді көбейту үшін құрылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті