Жаңа президенттің есімі Ашхабадтағы Түрікменбасының руханият сарайында Халықтың кеңестің отырысында жария етілді. Гурбангулы Бердымухаммедов ресми түрде арт беріп, мемлекет басшысы қызметін атқара бастады.
Республиканың Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Гурбангулы Бердымухаммедовке президент куәлігін табыс етті, ал Түрікменстанның бес облысының ел ағалары жаңа президентке мемлекет басшысының белгісін кигізді.
Ашхабадтағы Түрікменбасының руханият сарайында Халықтың кеңестің 2,5 мың делегаты мен алыс және жақын шетелдерден шақырылған жоғары луазымды қонақтар отыр. Олардың бәрі Түрікменстанның жаңа президентін ұлықтпу рәсіміне келген. Қазақстаннан президент Нұрсұлтан Назарбаев рәсімге қатысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті