Мәжіліс ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шарты бойынша келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шарты бойынша келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шарты бойынша келісімді бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шартын ұйымдастыру жөніндегі дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шартын қолдау үшін халықаралық мониторинг жүргізетін нысандардағы сертификаттаудан кейінгі және басқа да шаралар туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Ақпан 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің басты мақсаты келісім-шартының ережелері мен оған қосымша хаттамадан туындайды. Соған сәйкес Қазақстан ядролық қаруды сынақтан өткізу мақсатында және басқа да қандайбір ядролық жарылыстар жасамауға, сондай-ақ, келісім-шартының сақталуын қадағалау үшін басқа да қатысушы елдермен ынтымақтасуға міндеттеме жүктеп алады»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім Қазақстан Республикасында мониторинг желісін тиімді дамыту мен оған қызмет көрсетуге бағытталған.

Келісімге 2004-жылдың 9-қыркүйегінде Венада қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті