«Парламентте қабылданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы Ата заңға сай келмейді деп тануды Конституциялық кеңес қаулы етеді. Бұл заңға президент қол қоюға және ол күшіне енуге тиіс емес. Конституциялық кеңестің қаулысы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ел аумағында жаппай орындалуға тиіс, бұл қаулыға қарсы шағымдануға болмайды», деп мәлімдеді И.Рогов.
Оның айтуынша, Конституциялық кеңес ел үкімет басшысының өткен жылғы 29-желтоқсандағы өтініші бойынша аталмыш заңның Конституцияға сәйкестігін қарауға кіріскен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті