Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері облыстық жедел қызмет пультіне жарылғыш заттың қойылғандығы туралы 3 жалған қоңырау келіп түскен. «Арнаулы қызметтің әрбір қызметкерінің жарылғыш зат орнатылды-ау деген жерге баруы 11 мың теңгені құрайды»,- деп түсіндірді баспасөз қызметі. Полицейлер «әрбір жалған хабарға 40-тай маманның жөнелтілгендігін» атап өтті.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодардағы соңғы жалған лаңкестік дерегі 12-ақпанда тіркелген. Белгісіз береу № 15 орта мектебінің ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғандығы туралы хабарлаған. Террорист осы мектептің 9-шы сынып оқушысы болып шықты. «15 жасар жасөспірім химия сабағын болдырмау үшін ұялы телефонынан «112» шұғыл қызмет нөмірін терген»,- дейді экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес жөніндегі бөлім бастығы Жанат Сіләмов.
Жасөспірімге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша («Терроризм актісі туралы жалған хабар беру») қылмыстық іс қозғалды. Енді жасөспірімнің бұзақылығы үшін ата-анасы жауап береді. Полицейлердің пікірінше, терроризм туралы жалған қоңырау шалу оқиғаларының өсуін тоқтату үшін мұғалімдер мен ата-аналардың да үлкен үлесі қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті