Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушыларына қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушыларына қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды

Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушыларына қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды

АҚТӨБЕ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушыларына қарақшылық шабуыл жасап, ұрлық істеген қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының ІІМ баспасөз қызметінен.

  • 14 Ақпан 2007
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық топтың құрамына облыстық орталықтың 17 мен 19 жас аралығындағы жұмыссыз бес тұрғыны кірген»,- деп мәлім етті баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев. Тек қаңтардан осы уақытқа дейін ұрылардан 10 адам жапа шеккен. Олардың барлығы да жоғарғы сынып оқушылары.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек,қылмыскерлер таңертең мектеп оқушыларын мектепке барар жолда аңдып тұрып, шабуыл жасайтын болған. Жасөспірімдерді газбен және пневматикалық қарумен қорқытып, олардың тері күртешелерін, тері тымақтарын, шалбарлары мен ұялы телефондарын тартып алып отырған. Қылмыскерлер ұрланған заттардың жартысын өздері пайдаланып, қалғандарын сатумен айналысқан.

Қазіргі уақытта, ұсталғандар уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оларға сегіз қарақшылық және екі ұрлық дерегі бойынша айып тағылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті