Алматыда оқушылардың белгісіз газдан улануына байланысты тағы бір мектепте сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда оқушылардың белгісіз газдан  улануына байланысты тағы бір мектепте сабақ тоқтатылды

Алматыда оқушылардың белгісіз газдан улануына байланысты тағы бір мектепте сабақ тоқтатылды

АЛМАТЫ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда оқушылардың белгісіз газдан улануы салдарынан тағы бір мектепте сабақ тоқтатылды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық құтқару қызметінен.

  • 14 Ақпан 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

Құтқару қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін 11.59-да «Медициналық жедел жәрдем» қызметіне № 16 мектепте бірнеше оқушы белгісіз газдан уланды деген хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқару қызметінің қызметкерлері мектеп ғимаратынан 422 адамды шығарды.

Мамандар арнайы құрылғы — газды хроматографтың көмегімен ғимараттың 2-ші қабаты мен 3-ші қабаттарындағы ауа құрамында хлорпикриннің бар екендігін, асханада аз мөлшердегі бутан газының, этил спиртінің және сірке қышқылының бар екендігін анықтады.

Улану салдарынан 13-15 жас аралығындағы бес оқушы қалалық бірінші балалар ауруханасына жеткізілді. Олардың ахуалы орташа деп бағалануда. «Мектепте сабақ тоқтатылды»,- деп хабарлады құтқару қызметінен.

Бұрындары хабарлағанымыздай, кеше осы тектес оқиға № 161 Алматы гимназиясында болған. № 161 гимназияда болжам бойынша бутан газынан 23 оқушы уланған болатын. Бүгінгі күні ауруханада олардың екеуі емделуде. Құтқарушылар мектептің асхана ғимаратында бутан газының мөлшері шекті-мүмкін концентрациядан 30 пайыз артық екендігін анықтаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті