ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы 2007-жылдың шілде айында Бішкекте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы 2007-жылдың шілде айында Бішкекте өтеді

ЕурАзЭҚ әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы 2007-жылдың шілде айында Бішкекте өтеді

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері кеңесінің кезекті 9-шы отырысы 2007-жылдың шілде айында Бішкекте өтеді. Осы туралы шешім 16-ақпанда Астанада кеңестің 8-ші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Ақпан 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

9-шы отырыс аясында кеңес мүшелері ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің әділет жүйесі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру, қоғамдастыққа мүше елдердің заңнамасына халықаралық ұйымдардың шешімдерін орындау саласында салыстырмалы-құқықтық талдау жасау, сондай-ақ, азаматтық хал-жағдай актілерін тергеу саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру мәселелері бойынша жұмыс тобының тындарғандарын саралауды жоспарлап отыр.

«ЕурАзЭҚ-тың дамуында біртұтас құқықтық саясатты қалыптастыру жолымен әділет органдарының ролі өсіп келеді. Әділет министрлерінің кеңесі ЕурАзЭҚ аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың құқықтық негізге ие болуына түрткі болуға тиіс»,- деді өз сөзінде кеңестің сегізінші отырысында Қазақстан президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Оңалсын Жұмабеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті