«Біз бас пәтері Астанада орналасатын халықаралық экологиялық ұйым құруға күш салатын боламыз. Оның ашылуын Астанада 2012-жылы өтетін тұрақты даму жөніндегі саммитке арнау орынды болар еді»,- деді Н.Ысқақов.
Сонымен бірге министрдің пікірінше, алдағы саммит барысында «Қазақстанда халықаралық тұрақты даму даму аймағын құру туралы декларацияға қол қою мүмкіндігі бар».
Еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі бұған қоса сыртқы істер министрлігінің 2008 және 2010-жылдарда Еуропа, Азия және Тынық мұхиты аймағының экология министрлерінің кеңестерін өткізу жөніндегі бастаманы қолдағанын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті