Алматы прокуратурасы қазақстандық жұмысшыларды алалау деректерін әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы прокуратурасы қазақстандық жұмысшыларды алалау деректерін әшкереледі

Алматы прокуратурасы қазақстандық жұмысшыларды алалау деректерін әшкереледі

АЛМАТЫ. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы прокуратурасы Түркияның "Ахсель құрылыс, мердігерлік және сауда Ко.Инк." құрылыс компаниясында істейтін қазақстандық 416 жұмысшыны алалау деректерін әшкереледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Алматы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2007
  • 490
Фото - Caravan.kz

Мәселен, филиалда жұмысқа қабылдауда қазақстандық азаматтарды жаппай алалауға жол беріліп, түрік жұмысшылармен салыстырғанда оларға сынақ мерзімі белгіленген. Сонымен бірге отандық жұмысшылар еңбек демалысын алған кезде де алалаушылыққа ұшыраған. «Олардың демалысы Түрік азаматтарымен салыстырғанда 12 күнге кем болған», деп хабарлайды прокуратура.

Сонымен бірге баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жұмыс уақытын есептеу табелін тексерген кезде бір қазақстандық жұмысшының үлесіне оның келісімінсіз белгіленген 100 сағаттық мерзімнен тыс айлық жұмыс келетіні анықталды. «Филиал қызметкерлері күніне жұмыс орнында 13-14 сағат болған», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Компания басшылығы жергілікті қызметкерлерге жалақы төлеуде де алалаушылыққа жол берген. Тексеру барысында прокуратураның анықтағанындай, жалақы көлемі штатты кесте бойынша бекітілген мөлшерге сай келмейтін болып шыққан. Мәселен, штатты кестеге сәйкес, 5-ші дәрежелі арматурашының өнімдік жалақысы бір сағатқа 3 доллар болуға тиіс. «Алайда, айына 297 сағат жұмыс істеген қазақстандық арматурашы 52 мың теңгеден сәл асатын жалақы алса, айына 160 сағат жұмыс істеген оның түрік әріптесі 160 мың теңге алған»,- деп хабарлайды прокуратура.

Прокурорлық қадағалау құжатына сәйкес, кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті