Өткен аптада Алматыдағы пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 3000 АҚШ долларына көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен аптада Алматыдағы пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 3000 АҚШ долларына көтерілді

Өткен аптада Алматыдағы пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 3000 АҚШ долларына көтерілді

АЛМАТЫ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы тұрғы үй бағасының индексі 114 АҚШ долларына, немесе 3,86 пайызға көтеріліп, бір шаршы метрі 9065,49 АҚШ долларын құраған. Сонымен қатар, бағаның өсу екпіні өткен аптамен салыстырғанда екі есеге төмендесе де, жалпы қала бойынша ұсыныс индексі өсуде.

  • 19 Ақпан 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бағаның күрт өсуінің екінші аптаға созылуы көп бөлмелі қымбат пәтерлер ұсынысының, сондай-ақ бұрынғы арзан форматтағы пәтерлердің қымбаттауына байланысты болып отыр.

Қымбат және арзан пәтерлердің баға айырмашылғы төмендеді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,76 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының өсу қарқыны арзан пәтерлер бағасының өсуімен салыстырғанда баяу.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 4193 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 2047 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық көтерілді. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 2,05 (205 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісіне байланысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті