Айжан Омарованың сөздеріне сүйенсек, ВИЧ індеті Қазығұрт ауданы Рабат аулының 2001 жылы дүниеге келген баласынан табылған. «ВИЧ індетін жұқтыруға байланысты соңғы жағдайлар аудандық ауруханада анықталған, Қазығұрттық індет ошағында емделген балаларды тексеру барысында табылып отыр. Тексерілуге тиіс 1648 баланың 1461 тексеруден өтіп, тоғыз баладан ВИЧ індеті анықталған»,- деп түсіндірді баспасөз хатшысы Айжан Омарова.
Айжан Омарова ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны бұрынғыдай 13 екендігін хабарлады.
Сонымен қатар, баспасөз хатшысы, облыстағы аяғы ауыр аналарды тексеру барысында ВИЧ індеті 21 анадан табылғандығын хабарлады. «Олардың барлығы да есірткіні инемен қабылдайтын нашақорлардың әйелдері»,- деді А. Омарова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті