«МИГ-31 ұшағының апатқа ұшырауы техникалық ақауларға байланысты болуы ықтимал»,- деді ақпарат көзі. Бұл Қарағандыдағы оқыс оқиғаны тексеріп жатқан арнаулы комиссия жасаған жорамалдардың бірі. «Нақты ақпарат шамамен бір аптадан кейін белгілі болады»,- деді ол. «Қазір комиссия техникалық сараптама жасау үшін апат орнында ұшақтың қалдықтарын жинауда»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республиканың қорғаныс министрлігіне қарасты МИГ-31 әскери ұшағы 16-ақпанда 21 сағат 08 минутта қарағанды әуежайына таяу жерде апатқа ұшыраған. Экипаждың екі мүшесі оқиға орнында опат болды.
Бүгін Қарағандыда авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары — 28 жастағы Денис Федотовты жерлеу рәсімі өтті. Ал 32 жастағы штурман Андрей Леонтьевтің мәйіті өз туған жері- Семейге жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті