Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент құзыретін кеңейту туралы ұсынысты қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент құзыретін кеңейту туралы ұсынысты қолдайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент құзыретін кеңейту туралы ұсынысты қолдайды

АСТАНА. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің құзыретін кеңейту туралы ұсынысты қолдайды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні өткен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 20 Ақпан 2007
  • 529
Фото - Caravan.kz

«Ұсынылған бірқатар шаралар шынында да қажет және қазіргі саяси жаңару бағыттарының стратегиясына сәкес келеді»,-деді Н.Назарбаев.

«Мен парламенттің ролін бірқатар міндеттемелерін президенттен парламентке беру арқылы арттыру туралы ұсынысты қолдаймын : Конституциялық кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетін қалыптастыру. Және біз аталған конституциялық органдарды құру кезінде инвесторлардың теңдіктерін қамтамасыз етуіміз керек, ешқандай қателік жібермеуіміз қажет»,-деп атап өтті президент.

Н.Назарбаевтың пікірінше, «премьер-министр өз тағына отырмас бұрын парламенттегі партия өкілдерінің қолдауына ие болуы туралы мәселені қарастыратын кез келді». Сонымен қатар, президент ел бюджетін , мүмкін жергілікті бюджетті қабылдау , оның орындалуын бақылауы парламенттің ерекше билігі болуы тиіс», деп есептейді.

«Бұл билік институтының , президент институтының әлсіреуіне әкеп соқтырмауы керек. Үкіметті құрудағы президент пен парламент ықпалын сақтайтын тепе-теңдік жүйесін сақтау үшін шаралар ойластыру керек. Бұл елде биліктің әлсіреуіне жол бермеу үшін қажет»,-деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті