Еркіндік пен либерализмді адамның заң алдындағы жауапкершілігімен қатар қою қажет - президент /толықтырылған нұсқа/ - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркіндік пен либерализмді адамның заң алдындағы жауапкершілігімен қатар қою қажет - президент /толықтырылған нұсқа/

Еркіндік пен либерализмді адамның заң алдындағы жауапкершілігімен қатар қою қажет - президент /толықтырылған нұсқа/

АСТАНА. 20 ақпан. Kazakhstan Today. Еркіндік пен либерализмді адамның заң алдындағы жауапкершілігімен қатар қою қажет,-деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 20 Ақпан 2007
  • 603
Фото - Caravan.kz

Біз либерализмді биліктің әлсіздігі деп қарапайым түсініміз. Еркіндік пен либерализмді адамның заң алдындағы жауапкершілігімен қатар қою қажет»,-деді Елбасы демократиялық реформалар бағдарламасын дайындау және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның дүйсенбі күні өткен мәжілісінде.

«Таяуда ТМД-лық көршілерімізде болған оқиғалар демократияның бір-біріне қарсы көңіл күйде жүрген адамдар арасында бола алмайтындығына көз жеткізді»,-деді Н.Назарбаев. «Түсті төңкерістердің» нәтижесінде адамдар алдамшы үмітке иек артып, тығырыққа тірелді»,-деді ол. «Күшті билік пен деморкратия бір-біріне қарсы ұғымдар емес»,-деп түйіндеді президент.

«Біз өзге елдердің басынан өткергені көрнекті мысал болды. Айталық Қырғызстан шерулер мен митингілер, текетіресті бастан өткізген соң президенттің өкілеттілігі мен президенттік- парламенттік басқару жүйесін күшейтуге қайта кірісті. Ал Украинаның дұрыс жолмен дамып кетуі президенттің өкілеттілігін қайтару мүмкін бола ма осыған байланысты. Енді онда осы мәселе төңірегінде тартыс жүріп жатыр. Ал Польшада президент өзінің президенттік билігін күшейтуге ашықтан- ашық кіріскен. Грузия болса, ұдайы президенттік биліктің күші туралы мәселе көтеруде»,-деді президент.

«Сондықтан біз мемлекетіміз бен болашағымызға қатысты мұндай маңызы зор мәследе шешім шығармастан бұрын жан-жақты пікірлерді тыңдап, тыңғылықты жұмыс жасауымыз қажет»,- деді президент комиссияның мүшелері алдында сөйлеген сөзінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті