Ақтауда "ботулизм" деген диагнозбен Өзбекстанның алты азаматы ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда "ботулизм" деген диагнозбен Өзбекстанның алты азаматы ауруханаға түсті

Ақтауда "ботулизм" деген диагнозбен Өзбекстанның алты азаматы ауруханаға түсті

АСТАНА. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтауда "ботулизм" деген диагнозбен Өзбекстанның алты азаматы ауруханаға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Ақпан 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан азаматттары 18-ақпанда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Зардап шеккендердің арасында 17-37 жас аралығындағы екі әйел мен төрт ер адам бар.

Улануға басты себеп — тамақтың қалдықтарын жеуге байланысты, деген тұжырым жасады мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметінің департаменті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті