Өскеменде түнгі клубта үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде түнгі клубта үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жараланды

Өскеменде түнгі клубта үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жараланды

ӨСКЕМЕН. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Өскемендегі бір түнгі клубта үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Ақпан 2007
  • 549
Фото - Caravan.kz

Ақпанның 17-сінен 18-іне қараған түні полицияға «Мега» атты түнгі клубта болған қақтығыс туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері мойнынан жараланған жас жігіттің мәйітін тапты. Сонымен бірге жараланған төрт адам ауруханаға жеткізілді. Оқ тиген 23 жастағы жігіт пен кеудесінен пышақпен жаралған 20 жастағы жігіт реанимация бөлімінде қайтыс болды. Артынан ауруханаға санынан оқ тиіп жараланған тағы бір адам жеткізілді.

«Жараланғандардың ахуалын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалауда», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полициядағылар әзірге оқиғаға түсініктеме бермей отыр. «Оқиғаға қатысты бірнеше жорамал қарастырылуда. Оның ішінде жеккөрушілік те бар. Бірақ негізгі себеп тергеу аяқталғаннан кейін ғана аталады»,- деді Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Лариса Поломошнова.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен алты күдіктінің бірі ұсталған. Ол бұрындары бірнеше мәрте сотталған Самара ауданының тұрғыны. Қазірде тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар басқа адамдарды ұстау шараларын өткізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті