"Семей орманы" резерватында жылдың басынан бері 18 заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелген, келген шығын 1 млн теңгеден асып жығылады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Семей орманы" резерватында жылдың басынан бері 18 заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелген, келген шығын 1 млн теңгеден асып жығылады

"Семей орманы" резерватында жылдың басынан бері 18 заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелген, келген шығын 1 млн теңгеден асып жығылады

СЕМЕЙ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватында 2007 жылдың басынан бері 18 заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелген, келген шығын 1 млн теңгеден асып жығылады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының инженері Юрий Дубов хабарлады.

  • 20 Ақпан 2007
  • 515
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, тіркелген 18 деректің тоғызы «ізі суымай» ашылған. Ең ірі браконьерлік дерегі резерваттың Долоньск бөлімшесінде тіркелген. Бұл жерде 35 текше метр орман оталып, одан келген шығын 300 мың теңгеден асқан. Тергеу көрсеткендей, ұсталған азаматта өзінің ағаш кесетін аппараты болған. Қазіргі уақытта, оның лицензиясы бар-жоқтығы анықталуда. Соған қарамастан, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ю. Дубовтың мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы аталмыш табиғи резерватта 150-ден астам заңсыз ағаш кесу дерегі тіркеліп, 3 мыңнан астам текше метр орман оталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті