Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жол көлік апаты Алматы — Өскемен тас жолында болған. «Тойота-Карина» көлігінің тізгінінде отырған 36 жастағы, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің «Күзет» арнаулы күзет қызметі басқармасының батальон командирінің орынбасары жолдың қарсы бетіне шығып, «ВАЗ-2107» маркалы көлікпен соғылған. «ВАЗ-2107» көлігінің жүргізушісі, Жаңғызтөбе аулының 46 жастағы тұрғыны мен осы көліктің жолаушысы, 53 жастағы Қапан-Бұлақ аулының тұрғыны оқиға болған жерде көз жұмды. «ВАЗ-2107» көлігіндегі жолаушылар — бір еркек пен бір әйел және 12 жасар бала — Жарма аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Тойота» көлігінің жүргізушісі көптеген жарақаттармен Аягөз қаласының ауруханасына жеткізілді.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, оған қытысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-тармағына сәйкес (адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысының ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті