Елбасы Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс тобын басқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Конституцияға  түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс тобын басқарады

Елбасы Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс тобын басқарады

АСТАНА. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Конституцияға қазақстандық саяси жүйені одан әрі демократияландыру аясында енгізілетін түзетулердің жобасын әзірлейтін жұмыс тобын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын болды. Бұл туралы бүгін жұмыс тобының президенттің қатысуымен өткен бірінші отырысының аяқталуына орай өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 20 Ақпан 2007
  • 510
Фото - Caravan.kz

Жұмыс тобы басшысының орынбасары болып Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов тағайындалды.

Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, ғалым-заңгерлер, конституциялық құқық және саяси жүйе саласының мамандары кірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті