Қорғаныс министрі МИГ-31 ұшағының құлауына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрі МИГ-31 ұшағының құлауына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

Қорғаныс министрі МИГ-31 ұшағының құлауына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

АСТАНА. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Қорғаныс министрі Даниал Ахметов МИГ-31 ұшағының құлауына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 20 Ақпан 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

Министр ұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтауды өзінің жеке бақылауына алу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне «Idex-2007» халықаралық әскери қару-жарақтар көрмесіне қатысуға барған іссапарын аяқтамай, елге оралды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанның қорғаныс министрлігіне тиесілі МИГ-31 әскери ұшағы 16-ақпан, жұмада Қарағандының маңайында жүргізілген жаттығу кезінде құлаған болатын. Екі әскери қызметкерден тұратын ұшақ экипажы мерт болған.

Болған жағдай мен апат салдарын тексеруші комиссияның алдын-ала жасаған мәліметтері бойынша, ұшақ пилотаждық -навигациялық жабдықтың істен шығуының салдарынан құлаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті