Баспасөз қызметінің жетекшісі Галина Трофимованың айтуынша, дәрі-дәрмектер Мәскеу-Ташкент бағытында қатынайтын отарбаның бір вагонынан табылған.
«Бұлар негізінен ең өтімді дене қызуын түсіретін және гормонды дәрілерге жатады»,- деді Г.Трофимова.
Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің экономикалық контрабанда жөніндегі 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дәрі-дәрмектер табылған вагонның жол серігі контрабандаға қатысы бар күдікті деп танылуда. Алдын-ала тергеуде ол жүкті отарбаны Тимур бекетінде күтіп алатын адамдарға беруге тиіс екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті